spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
7.3 C
Kokshetau

Жалдамалы пәтерден екі қыздың мәйіті табылды – полиция түсінік берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бір іс бойынша күдікті қамауға алынды. Ал екінші жағдайда жазатайым оқиға болған, дейді полицейлер, Шымкент полициясы жалдамалы пәтерде екі қыздың қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық істердің жай-жапсарын жариялады, деп хабарлайды sputnik.kz.

Бұған дейін бір апта ішінде Шымкентте тәуліктік пәтерлерден 23 жастағы екі қыздың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Шымкент полициясының бастығы Ералы Жұмаханбетов бір факті бойынша күдікті ұсталғанын, екінші жағдайда жазатайым оқиға болғанын айтты, деп хабарлады жергілікті Otyrar басылымы.

«Қазір тергеу жүріп жатыр, кінәлілер жазаланады. Бір іс бойынша күдікті қамауға алынды. Ал екінші іске келсек, жазатайым оқиға болған», – деді қала полициясының басшысы.

Қыздардың бірінің денесін 25 қарашада Республика даңғылындағы тәуліктік тұрғын үйдің иесі тапқан. Іс бойынша 31 жастағы әйел күдікке ілінді.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр», – деді Ералы Жұмаханбетов.

Екінші қыздың денесін тәртіп сақшылары 30 қараша күні Тыныбаев көшесіндегі жалдамалы пәтерден тапты.

«Екінші іс бойынша күдікті жоқ, есік құлыптаулы болған, пәтерден мәйіт табылды. Барлық терезе жабық тұрған», – деді Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жалдамалы пәтерден тағы бір қыздың мәйіті табылды 

Қала тұрғындары тәулікке және сағатқа жалға берілетін баспаналардың проблемасын көптен бері көтеріп келеді. Пәтер иелері салық органдарына есеп бермейтіндіктен, қаладағы жалдамалы пәтерлердің нақты саны туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, осы жылдың 25 ақпанында Шымкенттегі сегізінші шағын аудандағы пәтерлердің бірінен 40 жастағы әйелдің мәйіті табылған болатын. Оны тұншықтырып өлтірген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img