spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
6.8 C
Kokshetau

Әлемде өмір сүру деңгейі ең қымбат қала анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз
Economist Intelligence Unit компаниясының аналитикалық бөлімі әлемдегі өмір сүру деңгейі ең қымбат қалалар рейтингін жасады, деп хабарлайды Lenta.ru,  kaz.nur.kz.сілтемесінде.
Оған сәйкес, Израиль қаласы Тель-Авив әлемдегі ең қымбат қала атанып отыр.
Зерттеуге барлығы 173 қала қатысқан және 10 негізгі категория есепке алынған.
Негізі, былтыр Тель-Авив бұл тізімде бесінші орында тұрған еді. Биыл шекельдің долларға шаққандағы бағамы өсіп, нәтижесінде қалада көлік құны, алкоголь пен азық-түлік бағасы қымбаттап, Тель-Авив бірінші орынға шыққан.
Екінші орынды Париж мен Сингапур бөлісті, одан кейін Цюрих, Гонконг, Нью-Йорк, Женева, Копенгаген, Лос-Анджелес және Осака қаласы тұр.
Ал өмір сүру деңгейі ең арзан қалалар деп Дамаск, Триполи және Ташкент танылды.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img