spot_img
Сенбі, Маусым 13, 2026
19.9 C
Kokshetau

Путин 72 жасында қайта сайлана алатынын ескертіп қойды

Сондай-ақ...оқыңыз
Путин: «Қайта сайлауға түсу құқығымның бар екенінің өзі елдегі жағдайды тұрақтандырады».

Владимир Путин 2024 жылы қайтадан Ресей президенттігіне сайлану ықтималдылығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол әзірге сайлауға қатысу бойынша шешім қабылдамағанын, бірақ оның қайта сайлану құқығы бар екенінің өзі «ел ішіндегі саяси жағдайды тұрақтандырады» деп мәлімдеді.

Ол бұл пікірін «Ресей шақырады» деп аталатын инвестициялық форумда жасады. Президент бұл шараға онлайн форматта қатысқан.

2020 жылдың жазында Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізілді. Онда ел президентінің бұл қызметте екі мерзімнен артық отыра алмайтыны жазылған.

Осы өзгерістерге жаңа норма қазіргі президентке қатысты емес екені, сондықтан Путин президенттікке тағы да екі рет сайлана алатыны белгіленген. Оппозиция бұл талап арнайы Путин билігін сақтау үшін жасалған деп есептейді.

Путин Ресей билігінде жалпы 17 жыл отыр. 2024 жылы ол 72-ге толады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика