spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
9.2 C
Kokshetau

Даниал Ахметов қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз
Өйткені бұл күн еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып, Тәуелсіздігімізді нық орнатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құттықтау әкімнің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған.

Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мемлекеттік мерекенің орны ерекше. Өйткені бұл күн еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып, Тәуелсіздігімізді нық орнатқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Ол әлемдік деңгейдегі танымал әрі белді саясаткер, әлі күнге дейін елі үшін қызмет етіп келе жатқан зор тұлға. Өз Отанына және халқына қызмет етудің шынайы үлгісін танытып отырған саяси қайраткер.

Қазақстанның дамуында айтулы оқиғалардың басым бөлігі Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тікелей байланысты: Конституцияны қабылдау, республиканың ұлттық рәміздері мен валютасын құру, ядросыз әлем бастамасы және өзге де маңызды шаралар.

Бүгінде Қазақстан ілгері дамып келе жатқан көпұлтты мемлекет. Саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де салаларда тұрақты дамып, модернизациялауға бет бұрған өркениетті ел. Тұңғыш Президент күнін атап өте отырып, біз Елбасымызға, оның мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне зор құрмет көрсетеміз.

Мереке қарсаңында барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілеймін!

Еліміздің туы көкте желбіреп, халқымыз өркендей берсін!

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img