spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau

Өзімді және баламды қорғағым келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық келіншек “Comirnaty” екпесінің 1-компонентін салдырды. Қазіргі таңда облыста екпе науқаны жалғасуда. Осылайша, бүгінге дейін 110-нан астам бала емізетін әйелдер “Pfizer” компаниясының “Comirnaty” вакцинасын алды.Солардың бірі – Ботагөз Ақбаева өз пікірімен бөлісіп, екпеден кейінгі денсаулығына тоқталды, деп хабарлайды Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Вакцина қоймаға келген бойда Ботагөз Ақбаеваға екпенің қолжетімді екендігі туралы хабарлама келген.”Хабарлама келген соң, бір апта ойланып, келдім. Мен бала емізетін анамын, балам алты айлық. Көңіл-күй жақсы, – деді Ботагөз Ақбаева.

Жас ана не себепті екпе алуға бел буғанын айтты.”Мен өзімді және баламды қорғағым келеді», – дейді ол. Көкшетау қалалық емханасы бас дәрігерінің акушерлік және гинекология жөніндегі орынбасары Жұлдыз Апиламның айтуынша, науқастың екпеден кейінгі жағдайы жақсы. Күткендей, ол алғашында жарты сағат фельдшерлер бақылауында болған, кейін үш күн бойы оның жағдайы телефон арқылы тексеріледі.

Ботагөз Ақбаева екпе алған Көкшетау қалалық емханасының балалар бөлімшесінің меңгерушісі Жанна Елемесованың айтуынша, науқан басталғалы 25 бала емізетін әйелге екпе егілген.

”Бүгінгі таңда 121 жасөспірім екпе алды. Әлі жүкті әйелдер болған жоқ, бірақ сәрсенбіде аяғы ауыр келіншектерге екпе салынады деп жоспарланып отыр. Емханада ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», – деді Жанна Елемесова.

Барлығы 2021 жылғы 28 қарашадағы жағдай бойынша Ақмола облысының тұрғындарын Pfizer екпесімен (1 компонент) қамту бойынша саны;
12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер: 498; Жүкті әйелдер: 10; Бала емізетін әйелдер: 110
Екпе салынады деп жоспарланған адамдар саны: 66 105
Еске салайық, ДДСҰ құптаған әлемдегі алғашқы вакцина – Pfizer Ақмола облысына 17 қарашада келді. Бірінші кезеңде 35 100 доза келді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img