spot_img
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
20 C
Kokshetau

Атырау облысында ер адам жеті баланың анасын пышақтап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Атырау облысында ер адам жеті баланың анасын өлтіріп кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 қарашаға қараған түні Жылыой ауданының Құлсары қаласында болған. 35 жастағы әйел бірнеше жерінен пышақталған, соның салдарынан жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін сол жерде жан тапсырған. Адам өлтіру себептері анықталып жатыр. Марқұмның артында жеті баласы мен күйеуі қалды.

Адам өлтірген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Жылыой ауданының 25 жастағы тумасы болып шықты.

Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі толық ақпаратты кейін беретінін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Жаркентте 21 жастағы жігіт компьютерді сындырғаны үшін інісін балтамен ұрып өлтіргені хабарлаған болатын. Полицияға кісі өлтірген күдіктінің өзі берілген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика