spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
-0.3 C
Kokshetau

ШҚО-да Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Тұңғыш Президент күніне арналған көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұңғыш Президент күніне орай ШҚО қорық-музейінде «Қазақстан жолы. Тарихтағы тұлғаның рөлі» атты көрме ашылды. Көрменің негізін 2007 жылы Тұңғыш Президент Музейінің сыйға берген экспонаттары құрап отыр.

Бұл мемлекеттің даму тарихын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметін көрнекі көрсететін кітаптар сериясы, альбомдар, сирек кездесетін фотоқұжаттар.

Облыстық музей-қорықтың қызметкері Гүлбақыт Балтабекова көрме экспонаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Экспозиция қазақстандық қоғамтанушылардың әдебиетіне, Елбасының еңбектеріне бай. Экспонаттардың ішінде Ермұхамет Ертісбаевтың «Қазақстан және Назарбаев: өзгеріс логикасы» атты туындысы бар. Онда Тұңғыш Президентінің өмірбаяны – балалық және жастық шағы, қызметі, қайта құру кезеңіндегі саяси ұстанымы, президенттік кезеңі баяндалған. Сондай-ақ көрмеге Қазақстанның Тұңғыш Президентінің «Қазақстан жолы», «Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында» атты кітаптары қойылды. Олар еліміздің, қазақ халқының тарихында болған қиын-қыстау сәттер, өзгерістер мен оқиғалар туралы баяндайды», – деді ол.

Экспонаттардың ішінде мемлекеттің бірінші басшысының сирек кездесетін фотосуреттері бар. Жалпы, «Қазақстан жолы. Тарихтағы тұлғаның рөлі» көрмесі 70-тен астам экспонаттардан тұрады.

Айта кетейік, көрмені желтоқсан айының соңына дейін тамашалауға болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 🟦Бұдан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика