spot_img
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
12.9 C
Kokshetau

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік музыкалық жүлдеге ұсынылды.

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген ресейлік «Виктория» музыкалық жүлдесіне ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар мәліметінше, марапаттау рәсімі 2 желтоқсанда Мәскеудегі мемлекеттік Кремль сарайында өтеді.

«Жыл әншісі» санаты бойынша сыйлыққа Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров сынды танымал әртістер ұсынылған. Бұл номинацияда Димаштың «Я скучаю по тебе» әні сарапқа түседі.

«Жыл композиторы» номинациясына Димаштың тағы бір шығармасы – «Ave Maria» ұсынылды, авторы Игорь Крутой. Ән алғаш рет Сочидегі «Новая волна – 2021» фестивалінде орындалған болатын.

Айта кетейік, 2019 жылы Димаш екі номинация – «Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыкадағы үздік орындаушы» номинациялары бойынша «Виктория» жеңімпазы атанған еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әр ауыл – экономикалық серпіннің негізі

Әр ауыл – жеке даму нүктесі. Бағдарламаның тиімділігі нақты елді мекендер мысалында анық көрінеді. Мәселен, Буланды ауданындағы Вознесенка ауылында бір мезгілде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика