spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
11.7 C
Kokshetau

Коронавирус: ДДСҰ Еуропаға алаңдаулы

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирус Еуропаны қатты қысымға алып отыр. Бүгінде құрлықта адам өліміне бірінші себеп – осы COVID-19 вирусы. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының аймақтық бюросында Еуропада ағымдағы беталыс сақталса, алдағы жылдың наурыз айына қарай ковидтен болған асқынудан қайтыс болғандар саны екі миллионнан асатынына алаңдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews агенттігіне сілтеме жасап. 

Алдымызда күрделі қыс тұр, бірақ үмітімізді үзбеуіміз керек, себебі барлығымыз – үкіметтер, денсаулық сақтау органдары, әрқайсымыз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін батыл шаралар қабылдай аламыз, – деп жазды Twitter-де ДДСҰ Еуропаалық бюросының директоры Ханс Клюге. 

Коронавирустың жылдам таралуына үш фактор әсер етуде.

Біріншіден, Еуропада өте жұқпалы дельта-нұсқасы басым болуда.

Екіншіден, бірқатар елдерде шектеулер жеңілдетілген.

Ал үшіншіден, көптеген еуропалықтар әлі де вакцина салдыртпаған. ДДСҰ тұрғындарға екпені белсендірек салуды кеңес етеді.

Сондай-ақ, вирустың алдын алу шаралары: маска тағу, қол жуу, бөлмелерді желдетіп отыру, қашықтықты сақтауды ұмытпау туралы кеңес етілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img