spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

«Арқаның айбозы» дәстүрлі әншілердің республикалық байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

17-18 қарашада Қазақстанның мәдени астанасы-Көкшетау қаласында Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» дәстүрлі ән орындаушылары арасындағы І республикалық байқау өтті, деп хабарлайды «Aqmola News».
Іріктеу кезеңіне Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қазақстанның 5 облысынан (Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола) 20 дәстүрлі ән орындаушы қатысты.
Конкурсқа қатысушыларды Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Стамғазиев Рамазан Өмірәліұлы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, қазақ ән шығармашылығын зерттеуші Шүкіманов Еркін Тұрсынғалиұлы, Ақмола облысының халық шығармашылығын насихаттаушылар мен әртістері Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова, «Мәдениет саласының үздігі» Саян Мұхамедьяров, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисі Сәрсенбай Хасенов пен «Қазақстан Жазушылар Одағының» мүшесі, ақын Қуаныш Оспан бағалады.


Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» атты бірінші республикалық дәстүрлі әншілер байқауына белсенді қатысқаны үшін, ұйымдастыру комитетінің дипломы және 100 мың теңге ақшалай сертификатпен Сәкен Әлімханов, Біржан Айтахметов және Фархат Жәкіш (Нұр-Сұлтан қаласы), Нариман Әбдірахманов (Алматы қаласы), Тәттімбет Хабдыразах (Шымкент қаласы), Азат Әбдіғалым (Қарағанды облысы), Біржан Есжанов (Солтүстік Қазақстан облысы), Шыңғыс Сәрсенбай және Аслан Мұхамедияр (Ақмола облысы) марапатталды.


Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» тұңғыш Республикалық дәстүрлі әншілер байқауында үздік өнер көрсеткені үшін, ұйымдастыру алқасының 3-ші дәрежелі дипломы және 600 мың теңге ақшалай сертификатпен Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Еркебұлан Қарыпов марапатталады.
Ұйымдастыру алқасының 2-ші дәрежелі дипломы және 800 мың теңге ақшалай сертификатпен Нұр-Сұлтан қаласынан Өзгеріс Шерікбай марапатталады.


Ұйымдастыру алқасының 1-ші дәрежелі дипломы және 1 млн. теңге ақшалай сертификатпен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Алуа Қалымбекованың еншісіне бұйырды марапатталады. Нұр-Сұлтан қаласы.
Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» тұңғыш Республикалық дәстүрлі әншілер байқауында үздік өнер көрсеткені үшін, бас жүлде – жеңіл автокөлік сертификатымен Бауыржан Нұрмұхан марапатталады. Көкшетау қаласы.
Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» дәстүрлі ән орындаушылары арасындағы І Республикалық байқау дәстүрлі ән өнерін дәріптейтін маңызды іс-шаралардың бірі болды, өйткені дарынды әнші Қажыбай Жахин есімі, оның әсем дауысы, орындау мәнері мыңдаған тыңдарман мен қазақ ән мәдениетін сүйетіндердің есінде және жүрегінде қалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img