spot_img
Бейсенбі, Мамыр 7, 2026
15.7 C
Kokshetau

Көкшетауда жалған чек жасағандар бірнеше миллионның азық-түлігін алып кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда электронды чектерді қолдан жасаған алаяқтар сатушыларды алдап бірнеше ай бойы миллиондаған соманың азық-түлігін алып кеткен, деп хабарлайды «Aqmola News».

Алаяқтық әрекет жайлы Көкшетау қалалық полиция басқармасына Краснояр селосындағы кәсіпкер әйел хабарлаған. Оның айтуынша белгісіз біреулер оны алдап сауда нүктесінен 12 тамыздан 15 қарашаға дейін 3 миллион 34 мың теңгенің азық-түлігін алып кеткен.

         «Жедел іздестіру шаралары барысында 24 және 30 жастағы осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған  екі күдікті азамат анықталды. Олар ұзақ уақыт бойы дүкеншіге төлем туралы жалған чектерді ұсынып келген», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190 бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция сауда саласындағы адамдарды сақ болуға шақырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде инвесторлар құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды жүзеге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика