spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.3 C
Kokshetau

Шортандыдағы жарылыс: Жапа шеккендерге көмек беретін қайырымдылық қоры ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Шортанды кентінде газ жарылысынан қаза болған отбасыларға қаржылай көмек беру қоры ашылды. Қаза тапқан оқиға орнына облыс әкімі Ермек Маржықпаев та барып жапа шеккен және қаза болған адамдардың жақындарына барынша көмек көрсетілетінін жеткізді, деп хабарлайды «Aqmola News». 
Естеріңізге сала кетсек Шортанды кентінің Линейная көшесіндегі газ жарылып, үш адам көз жұмды. Қазіргі сәтте күйік шалған 10 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатымен ауруханаларға жатқызылған.
Оқиға орнына дереу аттанған облыс әкімі Ермек Маржықпаев қайтыс болған отбасылардың туған-туыстарына барынша көмек қолын созуға тапсырма берді.

«Менің тапсырмам бойынша төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі жедел штаб құрылды. Оқиға орнында қаза болған отбасылардың мүшелеріне материалдық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға да көмек көрсетілетін болады. Сонымен қатар аталған мәселені соңына дейін шешілгенге дейін жапа шеккен отбасыларға уақытша баспана беріледі. Ешкім назардан тыс қалмайды», – деп атап өтті, – облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Өңір басшысы сонымен қатар өрттің шығу себептерін де мұқият анықтауға тапсырма берді. Осыған байланысты газ жарылысының себептерін нақтылау үшін өрт сөндіру зертханасы мен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.
Бұдан бөлек облыстық мешіт жанындағы қайырымдылық қоры қаза тапқандар мен жапа шеккен отбасыларға қаржылай қолдау көрсететін арнайы қор ашылғанын жариялады.
Қаза тапқан екі әйел адамның бірі Шортанды кентінде мектептердің бірінде мұғалім, ал екіншісі мектепке дейінгі шағын орталықта тәрбиеші болғаны белгілі болды. Ақмола облысының білім басқармасы да қаза тапқандар мен жапа шеккен отбасыларға барынша көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Шортанды кентінде болған қайғылы жағдайда екі бірдей отбасының ұйытқысы болып отырған біздің әріптестеріміз бен 3 жастағы бүлдіршіннің қаза болуына байланысты отбасылары мен барша туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл тұтас халық ауыр жағдайда қабылдап отырған қасірет. Қайғы шеккен отбасыларға Ақмола облысы білім басқармасы мен Шортанды ауданы білім бөлімі тарапынан да жан-жақты көмек көрсетілетін болады», – дейді Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Қазіргі уақытта елдің әр аумағынан жапа шеккен отбасыларға көмек қолы көрсетілуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img