spot_img
Жұма, Тамыз 28, 2026
18.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында заңсыз елік атып алған браконьер ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Сібір елігін заңсыз атып алған браконьер қолға түсті, деп хабарлайды «Aqmola News». Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметі бойынша, биылғы жылдың 14 қарашасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 291-шақырымында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде «Тұлпар-10» Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының жасағы, аға лейтенант Алтынбек Накенов пен лейтенант Айбек Балтабеков «Toyota» автокөлігін тоқтатқан.

Нұр-Сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны басқарған көліктің салонын тексеру кезінде еліктің 1 ұшасы, тегіс ұңғылы үш мылтық табылды. Бұл ретте жүргізуші мен оның 36 жастағы жолаушысында елік атуға ешқандай рұқсат құжаттары болмаған.

«Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 337-ші бабының «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жануарлардың түрі мен жасын анықтау үшін сот-биологиялық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта іс бойынша істің барлық мән-жайларын объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Артық тәуекелсіз рентген

Рентгенологиялық зерттеулер заманауи диагностикада маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен дәрігерлер сынықтарды, өкпе ауруларын және басқа да патологиялық өзгерістерді жылдам...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика