spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Ақмолада Ауған соғысының ардагері орденмен марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола колониясының медбикесі, Ауған соғысының ардагері Елена Бирюкова I дәрежелі «Ауғанстан Демократиялық Республикасының жұлдыздары» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ​

Ведомство ЕЦ-166/4 мекемесінде 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының ардагері Елена Бирюкованы салтанатты түрде құттықтады. ​ ​

​ Ресей өкілдігі, интернационалист-жауынгерлер бірлестігінің Омбы қалалық қоғамдық ұйымы Елена Васильевнаға I дәрежелі «Ауғанстан Демократиялық Республикасының жұлдыздары» орденін тапсырды.
Марапат өз кейіпкерін екі жылдан кейін тапты. Орден жолда қалып қойды, Елена оны Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 30 жыл толуына орай алуы керек еді. Екінші жыл тоқтамайтын шектеулер жағдайында ардагерді құттықтауға қазір ғана мүмкіндік туды. ​ ​ ​

​ ​
​ Елена Васильевна 2014 жылдың тамыз айынан бастап ЕЦ-166/4 мекемесінде медбике болып жұмыс істейді. 1986 жылдың шілдесінде өз еркімен Ауғанстан Республикасындағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында Кабул қаласының қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің инфекциялық госпиталіне жұмысқа барды. Жас медбикелер соғысқа өз еріктерімен барған кезде не елестеткенін айту қиын. Елена бұл туралы айтқанды ұнатпайды: «Ия, бұл оңай болған жоқ, күндіз – түні жаралылармен жұмыс істедік, операцияларға көмектестік, біздің жігіттерді қатарға қайтардық», – деп еске алады әскери медбике Бирюкова.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жас әріптестерінің өтініші бойынша Елена сол күндер туралы естеліктерімен бөлісті, залда бірнеше минутқа тыныштық орнады, осы әйелмен бірге жұмыс істейтін жастардың бірі оның Ауған соғысына қатысуы туралы алғаш рет естуі. ​

«Біз сарбаздарға, сержанттарға, офицерлерге, ерлік, батылдық пен жоғары патриотизм көрсеткен, Отан алдындағы әскери және азаматтық борышын өтеген адамдарға терең құрмет көрсетеміз. Жауынгерлерге шын жүректен алғыс білдіре отырып басқа мемлекеттердің аумағында бітімгершілік миссиясын орындаған интернационалистерге, соғыс қимылдарының ардагерлеріне зор денсаулық, бейбітшілік, ертеңгі күнге сенімділік, сәттілік пен амандық тілейміз», – деді салтанатты іс-шараны аяқтай отырып, колония бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев,

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img