spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
14.7 C
Kokshetau

«ЅТЕАМ-балаларға экологиялық білім берудегі технологиялар» атты облыстық семинар өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, қосымша білім беру ұйымдарында STEAM технологиясын жетілдіруге, экологиялық және туристік үйірмелердің рөлі мен қызметін арттыруға ықпал ететін шараға барлығы 38 адам қатысты.

Олардың арасында экологиялық бағыттағы жұмысқа жетекшілік ететін әдіскерлер, экологиялық және туристік үйірмелердің жетекшілері, жаратылыстану, биология, география пәндерінің мұғалімдері бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, STEAM білім беру әдістемесі бүгінде білім берудегі ең заманауи және перспективалы тренд деп аталады. STEM (science, technology, engineering, arts, moth) аббревиатурасы ағылшын тілінен ғылым, технология, инженерия, өнер және математика синтезін білдіреді.

Семинар жұмысы барысында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының жұмысына талдау жасалды, аудандардың экологиялық бағыттағы іс-шараларға қатысуына мониторинг жүргізілді, келесі жылға арналған жаңа жұмыс жоспары талқыланды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика