spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Қазақстанда бір жігітке сегіз қыздан келетіні рас па?

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл тамызда Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті. Оның көбі әйелдер, дегенмен кейінгі жылы дүниеге келгендер саны бойынша ерлер басым. Ел арасында «бір жігітке сегіз қыздан келеді» деген де түсінік бар. Бұл қаншалықты рас?

2021 жылдың басындағы статистика бойынша, Қазақстанда 9,2 млн ер, 9,8 млн әйел бар. Сонда әйелдер 6%-ға көп. 2021 жылдың басында елдегі 1000 ерге 1061 әйелден келді. Ал 2017 жылы 1000 ерге 1067 әйелден келген.

Десе де, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында ерлердің саны басым.

Жыл басындағы дерек бойынша, Қазақстанда кәмелетке толмаған 3,17 млн қыз болса, ұлдар саны 5,7%-ға көп (3,36 млн ер бала).

19-29 жастағылардың арасында ерлердің саны әйелдерден 3,3%-ға көп, 1,4 млн ер және 1,36 млн әйел бар. .

Тек 30 жастан кейінгілердің арасында әйелдер саны ерлерден басым түседі.

2021 жылдың басында ел тұрғындарының орташа жасы 31,9 жас болды, оның ішінде әйелдердің орташа жасы — 33,5 жас, ерлердің орташа жасы — 30,2 жас.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кейінгі жылдары Қазақстанда дүниеге келген балалардың арасында ұлдардың саны барлық өңірде басым түседі. Ең жоғары басымдық Маңғысытау облысында тіркелген, онда туған ұлдардың саны қыздарға қарағанда 9,2%-ға көп. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да айтарлықтай айырмашылық байқалған (әр өңірде 9%-дан). Ал ең азы Павлодар облысында тіркелген (4,4%).

Еске сала кетейік, тамызда халықтың 19 миллионға жеткенін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан сүйінші сұрап, хабарлаған еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img