spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға төрт боксшы шығады

Сондай-ақ...оқыңыз

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ел құрамасынан қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боксшылар күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды. Елорда уақытымен 17:00-де басталатын күндізгі сессияда Махмуд Сабырхан (54 келі) Оңтүстік Кореядан келген с Ин Кю Киммен кездессе, Айбек Оралбай (92 келі) польшалық Матеуш Березницкимен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессия 22:00-де басталады. Бұл уақытта Саматәли Төлтаев (60 келі) таиландтық Хунатип Пиднучпен шеберлік байқасады. Ал Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездеседі. Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді.

Еске салсақ, ұлттық құрама сапында әзірге Теміртас Жүсіпов (48 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шыққан жоқ. Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Серік Теміржанов (57 келі) және Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жарыстың екі сатысын артта қалдырды.

Ел құрамасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадоға есе жіберді.

Одан кейін Нұрлан Сапарбай 92 келіден жоғары салмақта испаниялық Аюб Гадфа Дриссиге жол берді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img