spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында отбасылық онлайн байқаудың жүлдегерлері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жыл отбасы» облыстық онлайн байқауы өтті.

. «Байқауға облыстың 19 ауданы мен қаласынан аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты», – деді облыстық білім басқармасындағылар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысушылар өз жұмысында отбасының, баланың дүниеге келу тарихын, алғашқы жетістіктерін, жеңістерін, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлердің дамуын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша Шортанды ауданы Бозайғыр ауылынан Махшанай Өмірдостың отбасы бірінші орын алса, екінші орынға Целиноград ауданының Ынтымақ ауылынан Хурмет Дәуренбектің және Аршалы ауданының Аршалы кентінен Медет Сейдабзаловтың отбасылары лайық деп танылды.

Ал жүлделі үшінші орындар Сандықтау ауданының Максимовка ауылынан Сергей Кулис, Степногор қаласының Қарабұлақ ауылынан Бауыржан Оразалин және Жақсы ауданының Жақсы ауылынан Аслан Жақсыбаевтың отбасыларын бұйырды.

Байқау қатысушылары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен, дипломымен және ақшалай сертификатымен марапатталады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img