spot_img
Сәрсенбі, Қараша 4, 2026
1.2 C
Kokshetau

Алматыдағы оқушылар төбелесі: Жарақат алған 2 баланың біреуінің жағдайы ауыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыда оқушылар төбелесіп, екеуі пышақ жарақатын алды. Олар ауруханада жатыр. Біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқушылар пышақ жарақатымен №2 қалалық балалар ауруханасына 27 қазан күні түсті.

«Кеше пышақ жарақатымен кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім №2 қалалық балалар ауруханасына түсті. Жақын туыстарының айтуынша, балалар қатарластарымен болған төбелес кезінде жарақат алды. Біріншісінің жағдайы ауыр, тұрақсыз, іштің алдыңғы бүйір қабырғасы мен сол жақ бүйрегі зардап шеккен, екінші науқастың іш құрылысына зақым келген, жағдайы бірқалыпты, бөлімшеге ауыстырылды»,- деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», -деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға Алатау ауданына қарасты «Ақкент» шағынауданында болды.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/almatydagy-okushylar-tobelesi-zharakat-algan-2-balanyn-bireuinin-zhagdayy-auyr_a3854955

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика