spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
15.1 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында 16 пәтерлік жатақханадан жиырма баспана әзірленуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын ауданы орталығында Жангелдин көшесінің бойынан 16 пәтерлік жатаққанадан жиырма отбасына арналған баспана әзірленуде. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталған соң, жетім балалар мен көпбалалы отбасылар сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге беріледі,деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына» арналған брифинг барысында аудан әкімі Берік Жанбаев хабардар етті.

Бүгінде ауданда 50-ден астам жетім бала баспана кезегінде тұр. Одан бөлек көпбалалы отбасылар мен ауданда жұмыс істейтін жас мамандар бар. Олардың барлығына баспана қажет. Көбінесе күні бойы жұмыста болатын мемлекеттік қызметшілер қыс уақытында пеш жағудан қиындық көріп жатады. Сол себепті олар орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған баспана сұрайды. Бұл жатақхана желтоқсан айында мұқтаж отбасыларға беріледі,-деді әкім.

Оның айтуынша, бұл жатақхана әу баста дәрігерлерді баспанамен қамту мақсатында дайындалған. Бірақ кейін өңірдегі өзге де баспанаға мұқтаждардың сұранысы ескеріліпті.

Бүгінде жылу, жарық, су желілері орнатылып, жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Баспана Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img