spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
5.2 C
Kokshetau

Көкшетауда газ жарылып екі адам ауруханаға түсті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Көктем шағын ауданындағы 5а үйдің екінші қабатында газ жарылып, үш адам төтенше жағдай қызметкерлерімен эвакуацияланды. Оның екеуі балалар болған, деп хабарлайды «Aqmola News».
Жарылыстың күшті болғаны соншалық пәтерлер мен балкон арасындағы гипсқатырмалы қабырғалар бұзылған. Оқиға орнында жедел жәрдем көмегіне екі адам жүгініп, ауруханаға жөнелтілген. Олардың бірі жарылыс кезінде үйде жалғыз болған 51 жастағы әйел аяқтары 20 пайызын күйік шалған. Екіншісі көрші пәтердегі 27 жастағы әйел қатты шошынып қалған. Екеуінің де қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
Оқыс жағдай болған тұрғын үйде төтенше жағдай қызметкерлерімен тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіліп, 8(7162)52-09-50 нөмірімен жедел желі ұйымдастырылды.
Жарылыстың салдарын жоюға төтенше жағдайлар департаментінің 22 қызметкері мен алты техника бірлігі, 12 жедел жәрдем қызметкері мен төрт техникасы және қалалық полиция басқармасының 16 қызметкері мен жеті техникасы жұмылдырылған.
«Тұрмыстық газ баллонының өрт және жарылыс қаупі жоғары екені рас. Көптеген өрт газ баллондары мен плиталарын дұрыс қолданбаудың салдарынан болады. Сондықтан газ баллондарын қолдануда қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармай қатаң сақтау қажеттігін еске саламыз. Өрт сөндірушілерді уақытында шақыру үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі», – деп толықтырды ведомстводан.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img