spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
8.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Сәлем, Елорда!» II Республикалық өнер шеруі бастау алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның мәдени Астанасы Көкшетау қаласында биылғы жылдың қазан айының 12-14 күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық фестивалі өтіп жатыр. Фестивальге қатысушыларға облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзінің ыстық ықыласты құттықтауын жолдады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.  

Аймақтық өнер керуені «Сәлем, Елорда!» тақырыбымен екінші республикалық өнер шеруі аясында өтуде.

«Көкшетау» мәдениет сарайында осы шараның ашылу салтанаты болып өтті. Алматыдан бастау алған өнер мерекесі Қазақстанның мәдени астанасы мәртебесін алып, ән меккесі атанған жер шоқтығы, сұлу Көкшеде жалғасын табуда.

Шараның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақ Ұлттық музыка академиясының ректоры, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсаходжаева бейне құттықтау жолдады.

Содан соң облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Айгүл Сәбитова құттықтау сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстанның мәдени астанасы Көкшетау қаласында жалғасын тапқан «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық фестивалінің ашылу салтанатымен өнерсүйер қауымды құттықтап, еліміздің мәдениетін, тілін, өнерін, салт-дәстүрін насихаттап, жаңғыртып жүрген өңірімізге гастрольдік сапармен келген өнер ұжымына сәттілік тілеп, өңір басшысының құттықтауын жеткізді.

Жоба бағдарламасына облыстық филармонияларда SММ, арт-менеджмент және хореография саласындағы мамандар үшін, сондай-ақ кітапхана басшылары үшін үш күндік мастер-кластар енгізілген.

Ашылу салтанатынан соң  Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Тендерге түскен келіншек» спектаклі көрсетіледі.

13 қазанда Ақмола облысының хореографиялық ұжымдарының концерті ұсынылады.

«14 қазанда барлық өңірлердегі халық шығармашылығын дамыту орталықтары, филармония және концерттік ұйымдар басшыларының көшпелі жиналысы өтеді. Мәдениет және спорт министрлігі шеруге қатысушыларымен консультативтік жиналыс өткізеді», – хабарлады ведомстводан.

Өнер шеруі «Көкшетау» мәдениет сарайында гала-концертпен аяқталады.

Айта кетсек, биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен «Көкшетау қаласына – Қазақстанның мәдени астанасы» мәртебесі берілді. Осыған орай, Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы еліміздің 16 өңірімен бірлесіп, іс-шаралар жоспары бойынша Жол картасына 500 іс-шара енгізді. Бүгінгі таңда бұл шаралардың 200-ден астамы өткізілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img