spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 13, 2024
15.2 C
Kokshetau

Тоқаев Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысын қабылдады   

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Дүниежүзілік кеден ұйымының белсенді мүшесі ретінде ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін айтып, ұйым басшысының елімізге көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент пандемия кезінде елімізде ұлттық экономика мен халықаралық сауданы қолдау жөнінде кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталып, бұл жұмыстар қарқын ала түсетінін жеткізді.

Кунио Микурия Президентке қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ел деп атап өтті.

ДКҰ басшысы Түркістан қаласындағы кедендік инфрақұрылым нысандарын аралағанын айтып, жаңа әуежайдың кедендік ресімдеу процесін жоғары бағалады. Кунио Микурия облыс орталығының «Шығыс-Батыс» бағытындағы транзиттік әлеуетінің маңызды екеніне тоқталды. Бас хатшы Қазақстандағы кеден саласының айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Сонымен қатар Бас хатшы Қазақстанның электронды кедендік декларациялау рәсімі мен «бір терезе» қағидатын енгізу тәжірибесі ұйымға мүше көптеген ел үшін озық үлгі бола алатынын айтты.
Кездесу соңында кеден саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға келісті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img