spot_img
Жексенбі, Маусым 21, 2026
20.7 C
Kokshetau

Павлодарда жол апатына түскен автобуста болған балалардың жағдайы анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Балалардың барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметі бойынша,  шақыру туралы хабарлама сағат 14:19-да түскен.

– Жедел жәрдем бригадасы  жол-көлік оқиғасы орнына 7 минутта жетті. Қоңырауға екі жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетті, – дейді станцияда.

Медицина қызметкерлері 10-15 жас аралығындағы сегіз балаға көмек көрсеткен. Оларда әртүрлі көгерулер анықталды,  жарақат  алған және стресске  ұшыраған. Зардап шеккендердің кейбірінде контузия мен жабық бас миының жарақаты болуы мүмкін деген күдік бар.

Облыстық  денсаулық сақтау басқармасында  автобуста 2006, 2011, 2007, 2011, 2007, 2009, 2011, 2008, 2011 туған балалар болғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 6 қазан күні сағат 14.15 -те Елгин – Щедрин көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус «Фольксваген» маркалы тұраққа қойылған автокөлікке барып соғылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика