spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

Мерекеге орай облыстың үздік ұстаздары марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз
Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңір басшысы ұстаздар мерекесінің барлық халықтық сипатқа ие екенін атап өтті.
«Бұл біз үшін ең қымбатты мейрамдардың бірі. Себебі әр азамат, әр қайраткер бар білімін мектеп партасынан алған. Бәріміз де бір-бір ұстаздың шәкіртіміз. Сол үшін де Ұстаздар күні жалпы халықтық мереке боп саналады», – деді Ермек Маржықпаев.
Облыс әкімі бүгінгі таңда жаңа заман білім беру жүйесіне жаңа талаптар қоятынын, бұл орайда мұғалім маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Бүгінде білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Ақмола облысында білім беру жүйесін жаңғырту және дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Облыста білім беру саласын қаржыландыру жыл сайын артып, бүгінде 132 миллиард теңгеге жетті. Бүгінде облыста 1300-ге жуық білім беру ұйымдары жұмыс істейді, онда 21 мыңнан астам педагог еңбек етеді. 123 мұғалім «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағына ие, 101 мұғалім «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, 15 мұғалім «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Облыстың 30-дан астам мұғалімі «Үздік педагог» республикалық конкурсы грантының иегері болып табылады.
Шара барысында білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімі мұғалімдерге ведомстволық наградалар мен алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, іс-шара аясында 11 жас педагог облыс әкімінің 100 мың теңге сомасындағы сыйлығына ие болды, 2 педагог 500 АЕК сертификатымен адал еңбегі үшін жергілікті төс белгілерімен марапатталды, облыс әкімінің сертификатымен Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжі 3 млн. теңгеге, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі және «Жұлдыз» санаториялық үлгідегі облыстық орта мектеп-интернаты 2 млн.теңгеге марапатталды.
«Үздік педагог 2021» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Ақмола облысының 2 үздік мұғалімі «Үздік педагог» төсбелгісін алып, 2,9 млн.теңге көлемінде сыйақы алды.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img