spot_img
Сейсенбі, Маусым 30, 2026
16.8 C
Kokshetau

24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгиромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

24 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ақтөбеде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с. 24 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістанда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23 метрге жетеді.

Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, шаңды дауыл тұрады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысы аймағының басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді. Бесқарағай, Үржар аудандарында төтенше өрт қауіпі күтіледі. 24 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде және батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан өңір атанды

Ақмола облысы еліміздің ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің рейтингінде бірінші орынға шығып, ірі мегаполистер мен басқа да облыстарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика