spot_img
Сәрсенбі, Тамыз 19, 2026
17.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Қызыл» мәртебесін бұзған 356 тұрғынға айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Ashyq жобасы арқылы 1369 «қызыл» және 435 «сары» мәртебесі бар карантин бұзушы анықталған.

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ashyq жобасы арқылы өңірде үй карантинін бұзған 1804 келуші анықталған.

Олардың ішінде 1369 адам «қызыл» мәртебеге ие (жұқтырған), 435 адам «сары» мәртебеге ие (жақын байланыста болған). «Жалпы, «қызыл» мәртебесі бар 356 адамға айыппұл салынды. «Қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаларға қатысты үйде оқшаулауды бұзғаны үшін санитариялық қызмет мамандары Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Осы баптың санкциясы жеке тұлғалар үшін 30 айлық есептік көрсеткіш (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді», – деп атап өтті ведомствода. Еске сала кетсек, өңірде Ashyq жобасы бойынша 4330 қатысушы, оның ішінде 88 жоба көшбасшысы жұмыс істейді. Бағдарламадан 212 жосықсыз қатысушы алынып тасталды.

Өңірдің санитарлық дәрігерлері амбулаториялық емделуде жүрген ақмолалықтарға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдар өзін-өзі оқшаулау режимін ұстануы және басқа адамдардың жұқпауын болдырмас үшін көп жиналатын жерлерге барудан бас тартуы керек.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қайтарылған активтер: Президент тапсырмасымен өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға 610 млрд-тан астам теңге бағытталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Бас прокуратурамен бірлесіп, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруда. Қайтарылған қаражат халықтың аса...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика