spot_img
Жексенбі, Мамыр 10, 2026
4.3 C
Kokshetau

Ақмола облысы аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қыркүйектің 10-15 күндері аралығында облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы өткізіледі,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияның мақсаты – браконьерлік, заңсыз балық аулау, заңсыз ағаш кесу, жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың басқа да фактілерін анықтау.

Жыл басынан бері облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасының 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 400-ден астамы-заңсыз аң аулағаны үшін, 200-ден астамы-балық аулау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ жасыл желектерді күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін.

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бекітілген аңшылық алқаптарда аң аулауға болатындығын еске салады. Аңшының өзімен бірге тиісті жылға мемлекеттік баж төленгенін растайтын куәлігі, аң аулауға рұқсаты, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы және аңшылық атыс қаруын алып жүру құқығына рұқсаты болуы тиіс.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика