spot_img
Жұма, Мамыр 10, 2024
12.2 C
Kokshetau

Pfizer вакцинасы Қазақстанда 8 айлық тіркеуге алынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің сайтында Қазақстанда тіркелген вакциналардың тізіміне Pfizer де енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вакцина тізімде «комирнати» деген атпен тұр. Тіркеу рұқсаты Қазақстан аумағында коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 23 тамыздағы отырысы кезінде берілген. «2021 жылғы 23 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Комирнати» вакцинасына (мРНҚ негізіндегі (нуклеозидтермен модификацияланған) COVID-19-ға қарсы вакцина) ретінде 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді», – деп жазылған ресми сайтта.

Америкалық вакцинаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сұрыптау ұлттық орталығы оң қорытынды берген. «Уақытша тіркеу куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасы және 2021 жылғы 20 тамыздағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысы негізінде берілді», – деп жазады

Еске салсақ, шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын қолжетімді етуді тапсырған болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img