spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Қазақстан коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алады?

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қандай вакциналар сатып алынатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазірдің өзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында біркелген бірқатар вакцинаны сатып алғанымызды атап өткен жөн. Олар: Қытайдың Sinovac компаниясы өндірген CoronaVac, Sinopharm компаниясы өндірген VeroCell вакциналары. Бұған қоса, Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарланып отыр», – деді Алексей Цой.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта тасымалдауға, жеткізу кестесіне және келісімшартқа қол қоюға қатысты мәселелер пысықталып жатыр. «Бұған қоса, Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесіне сәйкес, вакцинамен басқарылатын аурулардан халықты иммунизациялау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Еске салсақ, 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img