spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
22.2 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар республикалық Абай оқуларында үздік атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

ХХІІ республикалық Абай оқуларында ақмолалық оқушылар жүлделі орындардан көрінді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2021 жылғы 24-27 тамыз аралығында онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы 8-11 оқушыларына арналған ХХІІ республикалық Абай оқулары өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты − қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларның классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттық рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Абай оқуларына облыстық кезеңнен жүлделі орын алған еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, республикалық білім беру ұйымдарынан қатысты. Аталмыш байқауға Ақмола облысынан 5 оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы нәтижесінде ІІ дәрежелі дипломмен «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Сабитова Меруерт – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы маратталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Төлеубай Райымбек – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы марапатталды.
Грамотаға ие болған оқушылар:
1. «Өлең − сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Рашит Султана − Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;
2. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Башарова Дарига – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
3. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Нуртаза Диас – Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img