spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
12.3 C
Kokshetau

Ақмолада жазасын өтеуші мекеме аумағында көкөніс өсірумен айналыса бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жазасын өтеуші ЕЦ-166/25 түзету мекемесінің аумағында бөлінген жер телімінен екі күннің ішінде 50 келі көкөніс жинады, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталған Арыслан алғаш рет режимдік мекемеге түскен.

«Моральдық тұрғыдан өте қиын болды. Маған көңіл бөлген колония психологы Иван Гавриленкоға үлкен рахмет. Ол маған кәсіби терапиямен айналысуға кеңес берді, яғни бақша өсірумен. Бұл кәсіп маған ұнайды. Бала кезімде мен оқыған интернатта бағбандар көкөністер мен жемістерді қалай өсіргенін көрдім», – деп бөлісті тұтқын.

Арыслан өзі үшін жаңа іспен шындап айналысты. Мекеме әкімшілігі ұсынысты мақұлдады.

«Ол мекеменің дүкенінен тұқым сатып алды. Мекеме аумағында бақша өсіру үшін бос жерлер көп. Жаздың ыстық болуы және дұрыс күтім өз жемісін берді. Арыслан өз қолымен қиярдың бірнеше түрін өсірді, олардың кейбіреулері ұзындығы 60 см. Сонымен бірге, асқабақ және бұрыштың бірнеше түрі өсіріледі», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Осының арақасында бағбан екі күнде 50 келіден астам көкөніс жинады. Оған өзге сотталғандар көмектесуде. Келесі жылы колония басшылығы қолдау білдірсе, ер адам бақша аумағын екі есе көбейтуді жоспарлап отыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img