spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Ақмолалық өрт сөндірушілер Жамбылда жарылыстан қаза тапқандарды еске алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық өрт сөндірушілер бір минут үнсіздікпен Жамбыл облысында жарылыс кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілерді еске алды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Еске сала кетейік, биылғы тамыздың 26-да кешкілік уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болып, 14 адам қаза тапты. 98 адам зардап шеккен болатын. Жоғалғандарды іздеу жалғасып жатыр.

Осыған байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері бар: Темірболатов Арнұр Серікұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы; Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы; Микропуло Александр Николаевич – жедел кезекші – Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары; Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 1-МӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы; Айманов Мейіржан Какпосынұлы. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары.

Ақмола облысының азаматтық қорғау гарнизоны қаза тапқан өрт сөндірушілердің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img