spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Тараз маңындағы жарылыс: қаза болғандар тізімі жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыстардан қаза тапқан төрт әскери туралы толық ақпарат мәлім болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

«Қаза тапқандар туралы толығырақ: Сержант Марат Мешінбай, 1981 жылы туған, Ефрейтор Руслан Жанболатов, 1981 жылы туған. Әскерилендірілген күзет қызметкері Оразбек Далибаев, 1969 жылы туған, қойманы күзету бойынша қарауыл бастығының көмекшісі, оқ-дәрілер жарылысынан қаза тапты. Төртінші марқұм – Оңтүстік аймақтың әскери прокуроры Капезов», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, олар өртті сөндіріп жатқанда жарылысқа жақын жерде болған және өте ауыр жарақаттар алған.
27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img