spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар қаласында адам ұрлау фактісі бойынша жедел іздестіру шараларын ұйымдастырған полицейлер күдіктілерді іздеп тауып қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

33 жастағы ер адам Атбасар аудандық ауруханасына 25 тамыз күні бас сүйегінде жабық ми жарақаты және ми шайқалуы диагнозымен түскен. Аталған факт бойынша дереу жедел іздестіру шараларын жүргізген. Күдіктілер ізі суымай-ақ табылды. Адам ұрлау фактісі бойынша Атбасар қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.

«Тергеу барысында жәбірленушіні гаражда ұстап дене жарақаттарын салғаны анықталды. Ұсталған 33 және 40 жастағы екі адам осыған дейін де қылмыстық кодекстің 194 және 188 бабы бойынша сотталған болып шықты», – дейді полицияның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі «Адам ұрлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img