spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
16.2 C
Kokshetau

Шортандыда балалар ойын алаңы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Шортанды кентінде балалар ойын алаңының салтанатты ашылуы өтті. Жас тұрғындарға арналған белсенді демалыс аймағы Дзержинский көшесі 2а-да орналасқан, деп хабарлайды « Aqmola News».

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Гайдар Қасенов қатысып, биліктің негізгі міндеттерінің бірі – өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, бүгінде шортандылықтардың жайлы өмір сүру ортасын құру үшін ауданда көп нәрсе жасалып жатқанын атап өтті.

«Балалар тек ата-аналар үшін ғана емес, бүкіл ел үшін ең қымбат. Бүгінде барлық ауылдық округтер мен кенттерде елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Аудан орталығында, Дамса, Научный, Бозайғыр, Новокубанка ауылдарында биыл ауданда сұранысқа ие балалар алаңдары пайдалануға берілді, демек, біздің өңірдің одан әрі даму перспективалары бар, ертеңгі күнге деген сенім бар», – деді аудан әкімі Гайдар Қасенов.

Дәстүр бойынша қызыл лента кесіліп, содан кейін балаларға балмұздақ пен тәттілер таратылды. Бұл алаң жергілікті балалар үшін нағыз сыйлық болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img