spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
16.6 C
Kokshetau

Қосшыда жоғалған 6 жасар баланы полицейлер тауып берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қосшы қаласында жоғалып кеткен 6 жасар бала табылды,-деп хабарлайды  Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер аутист баланы 15 минут ішінде тауып берген. 3 тамыз күні Целиноград ауданы Қосшы қаласының 45 жастағы тұрғыны аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне көмекке жүгінді. Дабыл қаққан әке аутизммен ауыратын алты жасар баласы көлік жөндейтін гараждың жанында болғанын айтты. Жұмысқа кіріскен ер адам баланың қайда кеткенін байқамай қалған. Оның айтуынша, бұл жағдай шамамен сағат 12-де болған.

Алдымен ата-ана өзі іздеген, одан түк шықпаған соң полициядан көмек сұраған. Полицейлер дереу жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, оларға қолда бар бүкіл күш-құралдар тартылды. Топтарға бөліне отырып, тәртіп сақшылары елді мекен аумағында іздеуге кірісті. Қабылданған шаралар нәтижесінде учаскелік инспектордың көмекшісі, аға лейтенант Бақтияр Тілеукенов салынып жатқан мектеп аумағынан баланы тауып алды.

Полиция қызметкері баланың аяғында аяқ киім жоқ екенін анықтады. Әріптестерінің көмегімен полицей баланы көтеріп алып, үйіне аман-есен жеткізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жоғалған балаға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмаған. Баласы табылған ата-ана полицейлерге шын жүректен алғыс айтты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика