spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
7.2 C
Kokshetau

Көкшетауда бір жасқа дейінгі 150 бала КВИ жұқтырған – Қанат Ысқақов

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда шілде айында коронавирус жұқтырғандардың 76%-ы – 60 жасқа дейінгі адамдар. 14%-ы – 17 жасқа толмаған балалар. Одан бөлек, бір жасқа дейінгі 150 бала COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы Көкшетау қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы өткен брифингіде облыстық орталықтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақов мәлім етті,-деп хабарлайды «Aqmola News» өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, әлемде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал нашар. Ал елімізде бір тәулікте 7 519 адам коронавирус жұқтырған. Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша республика өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалап отыратын матрицаға сәйкес, 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап Ақмола облысы «қызыл» аймақта.

Көкшетау қаласында пандемияның басталғаннан бері COVID-19-дың 9 720 зертханалық зерттелген түрі анықталған. Шілде айында 1 527 жұқтыру жағдайы тіркелген. Маусым айында бұл көрсеткіш 4,5 есе аз болған – 341 жағдай.

«Соңғы тәулікте 65 вирус жұқтыру жағдайы анықталған, олардың 95%-ы – симптоммен, 5%-ы – симптомсыз. Жеті адам қайтыс болды. Бүгінгі күні облыс орталығындағы төсек-орын қоры 115%-ға толған. 598 адам ауруханаға түсіп, 65 науқас жансақтау бөлімінде ем алуда, үш науқас оттегіне тәуелділік жағдайында жатыр», – деді Қ. Ысқақов.

«Коронавирус жастар арасында да жұқпалы бола бастады. Бұрын жұқтыратындардың басым бөлігі 60 жасқа дейінгі адамдар болса, қазір жастардың арасында жұқтыру жағдайы көбейген. Шілде айында коронавирус жұқтырғандардың 76%-ы – 60 жасқа дейінгі адамдар. 14%-ы – 17 жасқа толмаған балалар. Бір жасқа дейінгі 150 бала COVID-19 жұқтырған», – деп қосты Қ. Ысқақов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img