spot_img
Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
10.2 C
Kokshetau

29 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде күн ашық болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазгидромет 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек еліміздің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындары бөліктердің өтуі әсерінен найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұруы күтіледі. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, таңертең және күндіз Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында желің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында бұршақ түсу мүмкін. Күндіз Жамбыл облысында аптап ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында да қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img