spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
-0.3 C
Kokshetau

Ақмола облысының қос елдімекенінде төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз
        Қатты дауылдан зардап шеккен Степногорск қаласының жанындағы Бестөбе және Изобильное ауылдарында төтенше жағдай жариялануы мүмкін, деп хабарлайды «Aqmola News».
         Естеріңізге сала кетсек, 25 шілде күні табиғат тосын мінез көрсетіп, дауылдан 38 үй мен әлеуметтік нысандар қираған. Олардың ішіде алтауы мүлдем қатты зақымдалған. Мұнымен қоса дауыл Изобильное ауылындағы 147 абонент 40 бірдей электр желілерінің бағандарын құлатып мен трансформатордың істен шыққан. Салдарынан күні бүгінге дейін бүтін бір ауыл жарықсыз қалған.
         Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті билік өкілдері әлі табиғи стихияның салдарын жойып үлгере алар емес. Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметованың айтуынша жоғарыдағы ауылдарда төтенше жағдай жариялау туралы құжаттар министрлікте келісімде жатыр.
         «Біз дауылдан зардап шеккен адамдарға әкімдікте және мектепте біршама уақыт қоныстануды ұсындық. Қалағандар келіп орналасты. Кейбір адамдар өздерінің туған-туысқандарына біреулері сол үйінде қала беруді жөн тапты. Министрлік әлі құжаттарды қарап жатқандықтан төтенше жағдай ресми түрде жарияланған жоқ», – дейді Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметова.
         Изобильное ауылында жарық мәселесін шешу әлі мүмкін болмай тұр. Үш күннен бері жарықтан мүлдем ажыраған ауылда қазір «Көкшетау Энерго» қызметкерлері жұмыс істеуде.
         «Бұл жағдай Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайды анықтау туралы қаулысына сәйкес келеді. Егер төтенше жағдай жарияласақ біз алгоритм бойынша әлеуметтік көмек желісімен адамдарға көмек бере аламыз. Барлық зардап шеккен адамдарға 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Барлығы түгелдей комиссиялық түрде қаралады. Бірақ біз тек үйге құжаттары бар адамдарға ғана көмек бере аламыз. Бір айта кетерлігі көпшілігінің территориялық аумағы Ерейментау ауданында ал әкімшілік жағынан бізде болғандықтан бізде рәсімделген құжаттары жоқ. Төлем үш айдың ішінде жүзеге асырылады. Ал бұл уақыт ішінде тұрғындар құжаттарын қалпына келтіріп немесе қайта рәсімдеп, әлеуметтік төлемді ала алады деген ойдамын», – деп толықтырды Ұлболсын Молдахметова.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img