spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.6 C
Kokshetau

Қоғамдық даму институтының өкілдері көкшетаулық мамандармен тәжірбие алмасты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдері Серік Молдағалиев пен Руслан Беген Ақмола облысына жұмыс сапармен келді. Олар аймақтағы бірқатар мәдени нысандарда болды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.  

Бүгін институт өкілдері Рухани жаңғыру өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен Ақмола облысының мемлекеттік мекемелердің бағдарламаға жауапты мамандар үшін  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеологиялық платформа ретінде» атты семинар – тренинг өткізді. Бұл мамандарға әдістемелік қосымша көмек ретінде пайдасы тиетіні сөзсіз дейді ондағылар.
Семинар барысында негізі қағидаттары мен арнайы жобалары талқыланып, өзекті тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар,  дәрістер мен презентациялар ұсынылып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Содан соң арнайы өкілдер Болашақ сарайына барып, нысанның көрнекі орындарына саяхат жасады.

BOLASHAQ SARAIY 2 блоктан тұрады. А блогы интеллектуалды салаға бағытталған. Жас жеткіншектердің теориялық білімдерін іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 7 зертхана, 2 парк бар. Одан бөлек хореография, салтанат залы орналасқан. Ал В блогы спорттық бағытқа арналған. Салауатты өмір салтын ұстанам деген азаматтар үшін жаттығу залдары, ойын алаңдары, бассейн қызмет атқарады.


Қазіргі таңда спорт блогында 17 үйірмеде 810 бала денелерін шынықтыруда. 1 қабат спорт залы, кіші және үлкен бассейнмен жабдықталса, 2 қабатта қазақша күрес, еркін күрес, асық, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спорт түрлерімен, теннис, бадминтонмен айналысуға мүмкіндіктер жасалған. Балалардың денсаулығын әр жаттығу алдында медбике тексеріп, сабақтар арасында санитарлық жұмыстар қатаң жүргізіледі.
Бүгінде мекемеде 76 үйірмеде 2253 бала білімін жетілдіруде.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img