spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
6.8 C
Kokshetau

Бауыржан Ыбыраев: Ауыл әкімдерін сайлау – демократияға жасалған батыл қадам

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіз елдің тарихында тұңғыш рет демократиялық жолмен ауыл әкімдерін сайлау басталды. Еліміздің әр түкпірінде таңғы жетіден бастап сайлау учаскелері өз жұмысын бастаған. Көкшетау қаласындағы Станционный кентіндегі №7 орта мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесінде де көпшілік ел өз болашағы үшін сайлауға қатысып жатыр, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

«Менің ойымша бүгінгі сайлау Қазақ елінің тарихында алтын әріптермен қалатын іргелі саяси оқиға. Олай деуге себеп үлкен. Ауыл елдің алтын қазығы. Сондықтан халықтың өзін басқаратын ауыл әкімдерін сайлау құқығы еліміздің болашағына нық сеніммен қарай бастағанының айқын көрінісі деуге толық негіз бар. Ал ауыл әкімдері сол ауылдың халқының сайлауы оный мойнына жүктелген жауапкершілікті одан сайын арттырады. Халықтың қолдауымен өткен сайлау болғандықтан бұл ауылдардың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мен «Nur Otan» партиясының атынан сайлау учаскесінде өтіп жатқан процеске қатысып отырмын. Сайлау учаскесінде барлық карантин талаптары толықтай сақталған. Кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы өлшеніп жатыр. Халықтың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары. Сайлаудың демократиялық принциптерге сай еркін таңдауда жүзеге асырылып жатыр деп толық сеніммен айта аламын», – дейді «Nur Otan» партиясының бақылаушысы Бауыржан Ыбыраев.
Айта кетейік, елімізде барлығы 730 елдімекенде сайлау өтіп жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img