spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Олимпиаданың ашылуына бір күн қалғанда Токиода 1 979 адам коронавирус жұқтыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Токио үкіметі бейсенбі күні, олимпиада салтанатының қарсаңында COVID-19 жұқтырудың 1 979 жаңа жағдайы тіркелгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – қаңтардың ортасынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осыған орай, ойындардың салдарынан вирустың жұқпалылығы жоғары Дельта нұсқасының таралу ауқымы одан әрі кеңейе түседі деген қорқыныш өсуде. Олимпиаданың ашылу салтанаты жұма күні ел астанасында коронавирус шараларының шектеулеріне байланысты көрермендерсіз өтеді.

Мұнда COVID-19 жағдайларының өсуіне байланысты төтенше жағдай енгізілген. Қаңтардың ортасында Токиода екінші төтенше жағдай енгізілген еді. Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар Токиода коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрт нашарлауы мүмкін екендігін және инфекцияның «бесінші толқыны» туралы ескертті.

Олардың есептеуі бойынша, тамыздың басында елдегі күнделікті жұқтыру оқиғасы 2 600-ға дейін жетеді. Ал Олимпиада 8 тамызға дейін жалғаспақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img