spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Көкшетауда жаңа трансформаторлық қосалқы станциялар іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Көкшетау Энерго» ЖШС энергетиктері электр жабдықтары мен электр желілерін жаңғырту бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда. Аталған іс-шаралар тек облыс орталығында ғана емес, перспективалы елді мекендерде де қолға алынып жатыр.

Мәселен, Көкшетау қаласында 10/0,4 кВ желісі бойынша тұрмыстық тұтынушыларды қамтамасыз ететін бірқатар жаңа трансформаторлық қосалқы стансалар (ТҚС) іске қосылды.

Өткен айдың соңында Көкшетау қалалық электр желілері кәсіпорны Қанай би және Мамыр көшелерінің қиылысында орналасқан және осы ауданның 200-ге жуық үйі бар жеке секторын электр энергиясымен қамтамасыз ететін қуаты 400 кВА №215 ТҚС-ты ауыстыру бойынша жұмыстарды аяқтады. Бұрынғы ТҚС энергетиктер арасында ұзақ уақыт бойы алаңдаушылық тудырды, өйткені, ол 1980 жылдары салынған, ал, пайдаланылған ресурс екі есе дерлік асып кетті. Осыған байланысты авариялық ажыратулар, тұйықталулар, тіпті өрттер жиі пайда бола бастады. Енді жаңа жабдықты орнату арқылы біздің тұтынушылар сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді, ал энергетиктер үлесіне тағы бір жаңа және сенімді қондырғы тиді.

Биыл еліміз тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтіп жатқан кезде, біздің мамандарымыз Көкшетау қаласындағы №59 ТҚС-ты да модернизациялады. Оны компанияның бес жылдық инвестициялық бағдарламасының арқасында мерейтойлық 70-ші трансформаторлық қосалқы станса деп санауға болады. Нысан көршілес «Жайлау» шағын ауданында орналасқан және 1990 жылдардың басында іске қосылған. Мұнда да ГКТП-10/630 кВА моральдық ескірген жабдықтарды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Нысан тұйық үлгідегі РУ-10/0,4 кВ қызмет көрсету дәліздері бар сэндвич-панельдерден жасалған конструкциядан тұрады. Бұрынғы жабдыққа қатысты жағдайлар бір-біріне ұқсас.

Трансформаторлар берілген жүктемеге төтеп бере алмады, ал көп қабатты үйлерге электр энергиясын жеткізіп тұрған кабельдер бірінен соң бірі істен шығып, нәтижесінде қысқа тұйықталу мен апаттық жағдайлар жиі болып тұрды. Мұның бәрі қарапайым тұтынушыларға ғана емес, сонымен қатар, компанияның басқа электр жабдықтарына да теріс әсер етті.

Айта кету керек, 2020 жылы инвестициялық бағдарлама аясында «Көкшетау Энерго» ЖШС осы ТҚС-тан қосылған 24 нысан бойынша барлық шығыс кабель желілерін жаңасына ауыстырды.

Қазіргі уақытта монтаждау жұмыстары аяқталу сатысында. Жақын арада мамандар трансформаторды қосып, сынақтан өткізіп, қосалқы станцияны тестік жұмыс режиміне енгізеді. 72 сағат өткеннен кейін трансформаторлық қосалқы станция электр энергиясына қосылған барлық нысандарды қалыпты жұмыс режиміне көшіретін болады.

ТҚС іске қосылған кезде жабдық 200-ден астам абонент үшін электр энергиясының көзі болады. Бұдан басқа, келешекте осы ТҚС-тан ауданның жаңа тұтынушылары да электр қуатын ала алады.

Жыл соңына дейін энергетиктер Ақмола облысының Степногорск, Щучинск қалалары мен Краснояр кентінде, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласы мен Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл селосында және тағы да осындай 7 трансформаторлық қосалқы стансасын орнататын болады. Оған қажетті жабдықтар сатып алынды және тиісті дайындық процедуралары жүргізілді, енді орнату бойынша жұмыстар жақын арада басталады.

Еркін СЕЙІТОВ,
«Көкшетау Энерго» ЖШС-інің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img