spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
15.3 C
Kokshetau

Жыл басынан бері 1 мыңға жуық отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударды

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылдың 6 айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 347 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 шілдедегі жағдай бойынша 347,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 253,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 141,5 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды .

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқамерзімді курстарға 12 мың адам жіберілді. 3,6 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 15 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 126,7 мың адам жұмысқа орналасты.

Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 15,3 мың адам; жастар практикасына – 11,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 100,1 мың адам. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 967 отбасы немесе 3 102 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 346 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 906 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 60 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқамерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды. Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img