spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
20.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығында лагерь ауысымы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Ақмола облысында балалар демалысының географиясы кеңейтілді, оқушылардың дамуы мен демалуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Бүгін Есіл ауданының «Қарлығаш» қала сыртындағы балаларды сауықтыру орталығында лагерь ауысымы ашылды, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Білім басқармасынан атап өткендей, қала сыртындағы балалар демалатын орталықта жазғы каникул кезінде жобалық қуаты 70 орындық 5 корпус жөнделді.

Орталық аумағында монша кешені, спорт алаңдары, асхана, түрлі қызығушылықтары бойынша үйірмелер, ойын алаңдары және т.б. бар.

«Бағдарлама ұзақтығы бойынша биылғы жылы қысқа мерзімді болып табылады және 60 баланы қамти отырып, үш лагерь ауысымы ішінде іске асырылады. Балалардың лагерь ауысымдарына қатысуы тегін негізде жүргізілетін болады. Лагерь ауысымы кезіндегі тәрбиеленушілердің қызметі қала сыртындағы лагерьлер жұмысының алгоритмінің барлық талаптарын сақтай отырып, 10 оқушыдан тұратын екі отрядта жүзеге асырылады. Жинақтау кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінеді», – деп хабарлады ведомстводан.

Орталықта болған кезеңде балаларға туған ауылы жағдайында іске асыру үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеудің бірегей тәжірибесін алуға, өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа достар табуға және жаңа оқу жылы басталар алдында жақсы демалуға мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, Ақмола облысында балалардың демалысы мен сауықтыру бойынша 12 орталық жұмыс істейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img