spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Вакцинаның бірінші дозасынан кейін ауырғандар екінші дозаны қалай алады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова вакцинаның бірінші дозасынан кейін ауырып қалғандар қалай вакцина алатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасынан кейін ауырып қалса, алдымен тиісті ем алуы керек. Әрине, емдеу кезеңінде ол екінші дозаны алмайды. Сауыққаннан кейін бізде кез келген вакциналау үш-алты ай өткеннен кейін басталады. Тиісінше, бірінші компонентті алғаннан кейін ауырғандар емделеді және қалпына келгеннен кейін үш-алты ай күтеді. Қалпына келген соң алты айдан кейін вакциналаудың толық курсын қайтадан бастайды», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Яғни, маманның айтуынша, вакциналау курсы қайтадан бірінші дозадан басталады.

 «Біз қазір барлық қаулыларда коронавируспен ауырғандардығ 3 ай бойы вакцина алмайтынын, вакциналаудан босатылатынын, олардың кез келген ұйымға және жұмыстан барудан шеттетілмейтінін және және ПТР тестілеу тапсырмайтынын жазып жатырмыз», – деді Р. Қожапова.

Сонымен бірге, спикер коронавирусқа антиденелер ағзада орта есеппен алты ай сақталатынын еске салды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img