spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Сайланған ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, жауапкершілік те жоғары – Абайбек Жүнісов

Сондай-ақ...оқыңыз

Сайланған ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, жауапкершілік те жоғары болады. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры Абайбек Жүнісов ҚазАқпарат тілшісіне алдағы әкімдер сайлауына қатысты пікірін жеткізді.

Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар үшін ауыл әкімінің өздеріне жақын адам болғаны өте маңызды. Себебі елді мекеннің тыныс-тіршілігін бұрыннан білетін адамның басшы болуы жұмысты жандандыратыны сөзсіз.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлаудың маңызды екенін атап өткен болатын. «Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл – біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік» деген еді Президент. Әкімдер сайлауы шілденің соңғы онкүндігінде өтпек. Елде 700-ден аса ауылдық округ әкімі, ал Сыр өңірінде 40 ауылдық округ әкімі тұңғыш рет халық сайлаған әкім ретінде тәуелсіз ел тарихында қалмақ. Дегенмен әкім болу бар, халыққа жақын болу тағы бар. Сайланғаннан соң, сайлаған халықтың үмітін ақтап, елге қызмет етудің жөні бөлек. Ауыл әкімдеріне қойылар талап та, жауапкершілік те жоғары», – деді ол.

Оның айтуынша, ауыл әкімін сайлауды саясаткерлер біраздан бері ұсынып жүр. Дегенмен халық үшін әкімді сайлау елеулі жаңалық болғаны рас.

«Халқымыз бұдан бұрынғы сайлауларға белсене қатысып келеді. Сондықтан қоғам аталған қадамға дайын деп есептеймін. Халық арасында қоғамдық-саяси зерттеу институтының жүргізген сауалнамасына қатысқандардың 60 пайызы сайлауға баруға дайын екенін айтқан. Тағы бір маңызды мәселе бюджетке келіп тіреледі. Әр әкім өз ауылына тиісті бюджет болғанын қалайды. Ақша болмаса, көптеген мәселе де шешілмейді. Әр ауылдың сыртқа көрінбейтін проблемасы бар. Қажеттіліктің көпшілігі ауылдың өз бюджеті арқылы шешілетін болса, мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар мықты азаматтар ауыл әкімі болуға да қызығушылық танытуы бек мүмкін. Халық сайлаған әкімдерге артылар жауапкершілік те жеңіл болмайды. «Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Бюджет тақырыбы алдағы уақытта талқыланып, түйінді мәселелер шешімін табады деген ойдамын», – деді А.Жүнісов.

Ол кісі аталған сайлау қоғамға жаңа леп әкелетінін тілге тиек етті. Тіпті сайлау нәтижелі болып жатса, келешекте аудан әкімін, облыс әкімін сайлау жұмыстары да жүйеленуі мүмкін. «Бұрын-соңды сайлау жүйесінде жинақталған жұмыс тәжірибеме сүйене отырып, біз демократиялық ел болғандықтан, сайлау жұмыстарын елімізде дамыту қажет деп есептеймін.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет ауылдан бастау алатын болса, мұның өзі еліміздің демократиялық жолмен одан әрі дамуы үшін қажет үлкен тәжірибе болмақ», – деді ол. Айта кетерлігі, Қызылордада ауыл әкімі сайлауына 151 кандидат ұсынылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img