spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
16.4 C
Kokshetau

Олимпиада-2020: Токио төрінде ел намысын кімдер қорғайды?

Сондай-ақ...оқыңыз

XXXII Жазғы Олимпиада ойындары алауының тұтануына санаулы күндер ғана қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорт жарыстарының төресі атанып кеткен төрт жылдық дода 23 шілде мен 9 тамыз аралығында Токио төрінде өтеді. Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылдың 24 наурызында Олимпиаданың «2020» жазуын сақтай отырып, бір жылға кейін шегерілгенін хабарлаған болатын. Бастапқыда Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 8 тамыз аралығына өтуі тиіс еді. Міне, бір жыл кешіккен Олимпиада ойындарына жаңадан 5 спорт түрі енгені белгілі. Олар – бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг. Аталған жаңа спорт түрлерінің екеуінен Қазақстан спортшылары да Олимпиадаға жолдама жеңіп алған болатын. Атап өтсақ, спорттық құзға өрмелеу және каратэ бойынша қатысады. Каратэден бір емес бес спортшы қатысады.

Ерлер арасында Дархан Асаділов, Нұрқанат Әжіқанов, Данияр Юлдашев пен әйелдерден Мөлдір Жаңбырбай мен Софья Берульцева ел намысын қорғайды. А л құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин алғаш рет төрт жылдық додада сынға түседі. Жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 33 түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасында спорттың 27 түрінен 96 Олимпиада жолдамасы бар.

Спортшыларымыз 27 спорт түрінен 96 жолдамаға иелік етіп, ел намысын қорғамақ.

Айта кетейік, велоспорт, велотрек бойынша қатысатын спортшылар 15-16 шілде күндері белгілі болады. Ашық суда жүзу әзірге белгісіз. Ол 96 жолдаманың ішіне кірмейді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img