spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau

Мәжіліс депутаты Асқарбек Үйсімбаев Есіл өңіріндегі әлеуметтік нысандарды аралады

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Үйсімбаев Асқарбек Съезбекұлы Есіл өңіріне жұмыс сапарымен барды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Ол жұмыс сапары барысында Курский орта мектебінің ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жөндеу жұмыстары 26 мамырда басталған болатын. Кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 26 ​​тамызында аяқталады деп жоспарланған. Сапар барысында мәжіліс депутаты нысанда жұмысшылар санын көбейтіп, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау қажет екенін атап өтті.
Содан соң Знаменка ауылындағы «Органико» ЖШС көкөніс қоймасына барды.
Депутат келесіде Есіл аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында олар жұқпалы аурулар бөлімі қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және коронавирустық инфекцияның алдын алу және тарату мәселелері талқыланды.

Кездесуде Асқарбек Съезбекұлы 5 айда атқарған жұмыстары туралы айтып, ұсыныстарды тыңдап, сұрақтарға жауап берді.

Содан соң «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдау кезінде Свободное-Раздольное бағытындағы тасжолда орналасқан көпірді жөндеуге көмек көрсету туралы мәселе көтерілді. Жолдың осы бөлігін жөндеу «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!» жол картасының бір тармағында көрсетілген.

Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі су құбырларын қалпына келтіруге көмек көрсету туралы мәселелер де көтерілді.

Қабылдау нәтижелері бойынша барлық сұрақтар бақылауға алынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img